Сенім орталығына екі жыл толды

Зейнет жасындағы тұрғындарымыздың игілігіне ашылған "Сенім" орталығы бұл күні тек кездесу орны емес, нағыз мәдени ортаға айналды! Мұндағы әр күн жылуға, жаңа білімге және қызық оқиғаларға толы.
Биыл Сенім орталығына 2 жыл толды, кішігірім мерейтой Наурыз мейрамына орайластырылып тойланды. Қонақтарға арналған мерекелік концертте клуб резиденттері ғана емес, М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының әртістері де өнер көрсетті. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал театр және кино актері Бақтияр Қожаның кешке қатысуы ерекше сыйлық болды. Мерекелік іс-шараның қадірлі мейманы концерттен соң орталықтың резиденттерімен тілдесіп, нағыз мереке атмосферасын құрды.
Кешті жүргізген талантты актер Ғалымбек Оспанов мерекені энергияға, шынайы эмоция мен әзілдерге толтырып, қуанышқа бөледі.
Музыка, би, әндер, жүрекке жылы әуендер шырқалған көңілді кештер Сенім орталығында жиі өткізіледі. Жобаның кураторы Гүлжан Нұртаеваның арқасында орталықтың мәдени өмірі аса қызу. Танымал актерлермен, әншілермен, жазушылармен кездесулерді Сенім резиденттері әрқашан асыға күтеді.
Бүгінгі таңда Сенім орталығына 900-ге жуық адам келеді, олардың саны күннен күнге өсіп келеді.
Qazaq Stroy компаниясы Әуезов ат. Қазақ ұлттық драма театрына және әр актеріне үлкен алғысын білдіреді! Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын, сіздерге зор денсаулық пен бақ-дәулет тілейміз!