Qazaq Stroy қызметкерлері елорданың ең ірі жартылай марафонына қатысушылар қатарында
7 маусым күні Астанада «Алматы марафон» командасының ұйымдастыруымен ауқымды деңгейде Astana Half Marathon өтті. Үлкен додаға әлемнің 30-дан астам елінен соның ішінде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Қытай, Қырғызстан, Франция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Польша, Германия және басқа да елдерден 7 000-ға жуық спортшылар қатысты. Биылғы жарыс өз тарихында шетелдік қатысушылар саны бойынша рекордтық көрсеткішке жеткен.
Марафоншылар 21,1 шақырым және 10 шақырым қашықтықты бағындырды. Сонымен қатар бағдарлама аясында командалық эстафета мен скандинавиялық жүрістен де жарыстар ұйымдастырылды. Жүгіру бағыты бас қаланың көрікті жерлерін, атап айтқанда:
- Тәуелсіздік алаңын,
- «Бәйтерек» монументін,
- Есіл өзенінің жағалауын,
- «Abu Dhabi Plaza» кешені мен EXPO аумағын басып өтті.
Айтулы спорт мерекесінде «Qazaq Stroy» компаниясының қызметкерлері Жанболат Малика мен Сейтнабиев Жандос та бақ сынап, ұжым намысын абыроймен қорғады. Салауатты өмір салтын серік еткен біздің команданың мүшелері қойған мақсатына жете алатынын іс жүзінде дәлелдей білді.
10 шақырым қашықтыққа жүгірген Малика Жанболат мәреге 01:00:34 уақыт көрсеткішімен жетсе, Жандос Сейтнабиев 01:17:13 нәтижесімен бағындырды.
«Qazaq Stroy» компаниясы әріптестерін мәреге сәтті жетуімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге спортта да, кәсіби салада да сәттілік тілейміз!
