Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жедел әрекет ету үшін "Qazaq Stroy" компаниясының Тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пункттері ашылуда.

Басқа тұрғын үй кешенінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті тәулік бойы бақылау, сондай-ақ қажет болған жағдайда ішкі істер органдары тарапынан жедел әрекет етіледі.
"Қаладағы қала" қағидаты бойынша салынған заманауи тұрғын үй кешендері үлкен аумағы бар ауқымды жобалар болып табылады. Мысалы, АlemCity-1-де 6 мыңнан астам адам тұрады. Физикалық тұрғыдан белгілі бір тұрғын үй кешенінде болып, әр тұрғын туралы толық ақпарат білсе учаскелік инспекторға өз қызметін атқару оңай болады. Мұндай формат жекелеген учаскедегі қылмыс деңгейін түбегейлі төмендетуі мүмкін", - деп атап өтті Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Мұхамедали Сейсенұлы.
Мұндай жоба алғаш рет құрылыс компаниясы мен ПД арасында өтеусіз негізде жүзеге асырылуда.
"Бұған дейін Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларының бірінде реформалар жүргізу және қадамдық қол жетімділіктегі Полиция " қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полицейге жүктеледі. Ол өз учаскесінің тұрғындарына жақын болып, олардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті сақтауға жағдай жасауы тиіс. Осы қағидатқа сүйене отырып, біз жобаға белсене кірістік және басқа тұр,ын үй кешеніндегі тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жаңа учаскелік пункттер ашуды жоспарладық", - деді "Qazaq Stroy" компаниясының басқарушы директоры Болат Ибрагимұлы.